Қазақстанда синтетикалық есірткі өндіру көлемі азайды – полиция

Фото: pexels
Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейрхан 2026 жылғы 13 қаңтарда ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде Қазақстандағы синтетикалық есірткі өндірісінің төмендегенін хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық жауапкершіліктің күшеюі, тіпті өмірлік бас бостандығынан айыру жазасына дейін, Қазақстандағы синтетика өндірісін азайтып, оны көрші елдерге ығыстыруға себеп болды.

"Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі бағасы өсіп, жетіспеушілік байқалады – 25 мың теңгеден 35 мың теңгеге дейін. Оларды тасымалдауда да тұрақты кедергілер туындауда. Бұл – есірткі өндірісі, логистика және сату арналарына бағытталған соққының нақты нәтижесі", – деді Мейрхан.

Сонымен қатар, ол 2025 жылғы наурыздан бастап медицина емес мақсатта есірткі қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілгенін еске салды. Осы мерзім ішінде 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылған.

Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылы полиция шамамен 49 тонна есірткі тәркілегенін хабарлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады

Ер адам мәйітханада "тіріліп", темекі сұрады: оқиға видеоға түсіп қалды