Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2026 жылғы 26 қаңтарға қараған түні қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында сезілген жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 02:54-те болған. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,4, энергетикалық класы – K=10.

Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Каблан-Көл ауылынан 3 шақырым, Ош қаласынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қырғызстанның бірқатар елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы мынадай болды: Алға-Бас және Каблан-Көл ауылдарында – 3,5 балл, Чайчи, Лаглан, Тоғыз-Бұлақ, Тээке және Алға ауылдарында – 3 балл.

Айта кетейік, 2026 жылғы 22 қаңтарда қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған жер сілкінісін де тіркеген болатын.

Қазақстан
Қырғызстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі