Ақтау – Астана рейсінде дәрігер талмасы ұстаған жолаушыны құтқарды

Сурет: unsplash
Ақтаудан Астанаға ұшқан ұшақта жолаушылардың бірінің талма ауруы ұстап қалған. Бортта болған елордалық медицина университетінің резидент-дәрігері Жұлдыз Әбдіқан науқасқа көмек көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұлдыз жолаушыны қарап шығып, қан қысымы мен тамыр соғысын тексеріп, содан кейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге кіріскен, деп жазады Lada.kz.

"Мен оны бір қырына жатқызып, түймелерін шешіп, оттегімен қамтамасыз еттім. Әуежайға қонғаннан кейін науқасты жедел жәрдем бригадасы қарсы алды", - дейді Жұлдыз Әбдіқан.

Шалт іс-қимылы үшін Жұлдыз Air Astana бас атқарушы директоры Питер Фостерден алғыс хат алды.

Бұған дейін Астанадан ұшып шықпақ болған "Брюгге" футболшылары тосын жағдайға тап болғаны хабарланған.

Ақтау
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі