"Өгей қызын зорлаған": Маңғыстауда ер адам өзін атып өлтірді

Фото: pexels
Маңғыстау облысында 42 жастағы азамат өзін аңшы мылтығымен атып өлтірді. Бұған не себеп, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Белгілі болғандай, 1984 жылы туған азамат 20 қаңтар күні атылып өлген. Ал 24 қаңтар күні полицияға 13 жастағы қыз балаға жыныстық зорлық жасалғаны туралы арыз түскен. КТК дерегіне сүйенсек, тексеру барысында өзіне қол салған өгей әкенің осындай айуандыққа барғаны анықталған. Марқұм соңғы уақытта еш жерде жұмыс істемепті. Бұрын сотты болмаған. Сондай-ақ психиатрия және наркологияда есепте тұрмаған.

"Полиция ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі – кәмелетке толмағанды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кәмелетке толмағанның құқығы мен заңды мүддесін қорғау қамтылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді",- делінген ақпаратта. Әйгерім Ибадуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы:

Бұған дейін Жамбыл облысында мерзімді әскердегі сарбаз қару ұстау кезінде жарақат алып, көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды