Мотор майларын маркілеудің ең жоғары құны бекітілді

Фото: pexels
2026 жылғы 19 қаңтардағы Энергетика министрінің бұйрығымен мотор майларын маркілеуде қолданылатын бақылау (идентификациялық) белгі мен сәйкестендіру құралдарының ең жоғары құны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта көрсетілгендей, мотор майларын маркілеуде қолданылатын бақылау (идентификациялық) белгі мен сәйкестендіру құралдарының құны бір бірлікке 4,7 теңге мөлшерінде, қосылған құн салығын қоспағанда, белгіленді.

Бұйрық 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сыра мен сыралық сусындарға цифрлық маркілеу кезең-кезеңімен енгізілетіні хабарланған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі