Ішкі істер министрлігі: шекараны заңсыз кесу фактілері бойынша жедел шаралар жүргізілді

Сурет: видеодан скриншот
Қазақстанда заңсыз көші-қон арналарының жолы кесілді. Бұл туралы 28 қаңтар 2026 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Баспасөз хабарламасына сәйкес, еліміздің бірнеше өңірінде криминалдық полиция қызметкерлері алынған жедел ақпарат негізінде заңсыз көші-қон мен мемлекеттік шекараны заңсыз кесу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Атап айтқанда, 22 қаңтарда Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан азаматтары мен жақын шет елдер азаматтарын ұстады.

Олар сыйақы үшін Қазақстан аумағы арқылы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған.

26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысындареспубликадан шығарылып, елге кіруге тыйым салынған шетелдік азамат ұсталды. Ол бөтен фамилиямен елге қайта кірген.

Сол күні Ақмола облысының Қосшы қаласында жалған құжаттар жасау арқылы шетел азаматтарының Қазақстанда болуын ұйымдастырған топ ұсталды.

Жалпы күдіктілерден автокөліктер, қарда жүретін техника, шетелдік паспорттар, флэш-карталар, әртүрлі оргтехника және медициналық мекемелердің мөрлері тәркіленді.

Негізгі ұйымдастырушылар сот санкциясымен қамауға алынды.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы және 394-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым бағыт болғандықтан, Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын елдің көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады