Павлодар облысында полиция 44 келі есірткіні жойды

Фото: Zakon.kz
Павлодарда полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 44 келі есірткі затын жойды. Жою рәсімі арнайы комиссияның қатысуымен, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өртеу тәсілі арқылы жүргізілді.

Жоюға қылмыстық істер бойынша заттай дәлел ретінде танылған есірткі заттары ғана емес, сондай-ақ оларды дайындауға, сақтауға, қаптауға және тұтынуға пайдаланылған түрлі заттар мен құралдар да жатады.

"Аталған іс-шара нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес жөніндегі Кешенді жоспарды іске асыру аясында өткізілді. Бұл шаралар өсімдік тектес есірткі шикізатының заңсыз айналымға қайта түсуіне жол бермеуге және өңірдегі наркоқауіпті төмендетуге бағытталған. Мұндай іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтуге бағытталған", – деді Павлодар облысы ПД өкілдері.

Ведомствода заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл жұмыстары кешенді сипатта жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жедел-іздестіру шараларымен қатар, профилактикаға, халық арасында тыйым салынған заттарға деген теріс көзқарас қалыптастыруға және жастардың заңсыз әрекеттерге тартылуының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде.

Полиция өңір тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, бейжай қарамауға шақырады. Есірткінің заңсыз айналымы туралы кез келген ақпарат шешуші рөл атқаруы мүмкін. Құқыққа қарсы әрекеттер туралы "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы, сенім телефонына немесе 102 нөміріне хабарлауға болады. Анонимдікке кепілдік беріледі.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді