ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық орта өкілін ұстағанын хабарлады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Шымкентте қылмыстық орта өкілі ұсталды. Бұл туралы 2026 жылғы 3 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

ҚР ҰҚК таратқан ресми хабарламасында былай деп жазылған:

"2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында Шымкент бойынша ҚР ҰҚК Департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық орта өкілі "Т"-ны ұстады. Аталған тұлға аса ірі көлемде бопсалауға күдікке ілінді. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы іс аясында биылғы қаңтар айында Шымкентте оның екі серігіне қатысты заңсыз әрекеттердің жолы кесілді", – делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қосымша мәлімет ретінде алдын ала тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

"Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – деп түйіндеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Қазақстан
Шымкент
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі