Қазақстандықтар алтын кені бар учаскені заңсыз игеріп, тергеуге ілікті

Сурет: pexels
Түркістан облысының Созақ ауданында бір топ адам құрамында алтыны бар учаскелерді тиісті рұқсат құжаттарынсыз игерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік прокуратураның 2026 жылғы 5 ақпандағы мәліметінше, 12 адам рұқсатсыз, экологиялық заңнама талаптары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынды заңсыз өндірген.

"Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабының 1 және 3-бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілерге қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Олардың бесеуіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген хабарламада.

Прокуратура заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру экологияға елеулі зиян келтіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан тигізетінін және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Аталған құқық бұзушылық үшін күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Қостанай облысында марганец кенін заңсыз өндірген ер адам 5 жыл 4 айға сотталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек