ҚР ҰҚК мен ІІМ қылмыстық топтарға қарсы ауқымды арнайы операция жүргізді

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның өңірлерінде қылмыстық топтарға қарсы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) және Ішкі істер министрлігі (ІІМ) қызметкерлері ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 4 ақпандағы арнайы операция бірнеше қылмыстық топтың қызметін тоқтатуға бағытталды. Бұл топтар қару сақтау және сату, бопсалау, ұрланған автокөлікті заңдастыру және басқа да қылмыстарға қатысы бар деп саналады.

Операция Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында бір мезгілде жүргізілді.

Нәтижесінде 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) жеткізілді. Сондай-ақ күдіктілерден атқыш қару, оқ-дәрі, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары және басқа да заттай дәлелдер тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Бірнеше күн бұрын тағы бір арнайы операция туралы хабарланған еді.

Сол кезде Астана мен Алматы қалаларында қылмыстық қоғамдастыққа қатысы бар тұлғалар ұсталды, олар бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысты деген күдікке ілінді. Күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтен мүлікті қасақана жою сияқты қылмыстар тағылған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
ҰҚК
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған