Абай облысында тұрғынның атына несие ресімдеген күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Аягөз ауданының полициясына 59 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызымен жүгінді.

Арызданушының айтуынша, 2025 жылғы қазанда оның танысы — Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жеке кәсіпкерлік үшін несие рәсімдеуге көмек көрсету ұйғарымымен арызданушының анкеталық деректерін пайдаланып, 2 млн теңге сомасында несие рәсімдеген.

Одан кейін күдікті 1 млн теңгені өз жеке шотына аударып, арызданушыға 1 млн теңге материалдық залал келтірген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында дәлелдік мәні бар материалдар, соның ішінде несие тарихы алынған. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық міндет — міндетті түрде келу түріндегі шара қолданылды.

Полиция азаматтарға ескертеді: жеке және банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз; кез келген қаржылық операцияларды тек өзіңіз жасап, ресми арналар арқылы жүргізіңіз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр