Балтамен шабуылдаған мектеп оқушысының анасы халыққа үндеу жасады

Фото: pexels
Құлсары қаласындағы №6 Пушкин атындағы мектепте балта ұстап жүгірген оқушыға қатысты оқиғаның мән-жайы белігілі болды. Оқиға болған күнгі жағдай туралы оқушының анасы өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәншүк Жиембетованың көпшілікке жолдаған бейнеүндеуі әлеуметтік желілерде жарияланды. Оның айтуынша, сол күні ұлы сыныпта өзімен-өзі отырған. Алайда, бір сәтте оны басқа сыныптың төрт оқушысы шақырып алып, дәретханаға ертіп кеткен. Анасының сөзінше, олар баласымен "есеп айырыспақ" болған. atyrau_today_news жазуынша, төртеуге жалғыз қарсы тұра алмаған бала қорқып, абыржып қалған. Содан кейін ол балта тауып алған, әрі қарай желіде тараған оқиға орын алды.

Әйелдің айтуынша, өткен жылдың күзінде-ақ ұлы сыныптастарының тұрақты қысымына байланысты өзін басқа мектепке ауыстыруды сұраған. Алайда ата-анасы оны соңғы оқу жылын осы мектепте аяқтауға көндірген. Сол кезде жасөспірім мұнда қалса, орны толмас жағдай болуы мүмкін екенін ескерткен.

Отбасы аталмыш төрт оқушының үстінен арыз жазбаған. Анасы татуласуға үміттенетінін және мәселенің түп-төркіні – мектептегі буллинг екенін айтады. Оның сөзінше, жасөспірімдер арасында "терпила" деген сөз жиі қолданылады, сондықтан балалар шағымданудан және көмек сұраудан қорқады.

Мейіржанның анасы мектеп директорын жазаламауды да сұрады. Оның пікірінше, болған оқиғаға мектеп әкімшілігінің кінәсі жоқ.

Анасының айтуынша, ұлы ешкімді арандатпаған, орташа оқыған, мінездемелері де оң болған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру және тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 5 ақпан күні Құлсары қаласындағы №6 мектепке 10 сынып оқушысы балтамен келіп, өзге оқушыларға шабуыл жасаған. Суық қарудан екі бала жарақат алды.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж