Қарағанды облысында браконьерлерден 134 келі балық тәркіленді

Фото: unsplash
Қарағанды облысында браконьерлерден 1500 метр ау мен 134 келі балық тәркіленді.

Рейдтік іс-шара барысында Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы Балқаш қаласы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Балқаш көлінің жағалауынан 15 шақырым қашықтықта браконьерлер мінген автокөлікті анықтады.

Тексеру кезінде автокөліктен қытай өндірісінің жалпы ұзындығы 1500 метр болатын ау және 134 келі әртүрлі балық (көксерке, табан, ақмарқа) тәркіленді.

Аталған дерек бойынша 42 жастағы жүргізушіге және оның 34 және 35 жастағы екі серігіне қатысты заңсыз балық аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды