Ресейден Қазақстанға екі цистерна және мыңнан аса "көніл көтеретін газ" баллонын заңсыз тасымалдаған

Сурет: Instagram/polisia_aqtobe
Ақтөбе облысында Ресейден әкелінген "көніл көтеретін газ" баллондары мен цистернасы тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 10 ақпанда өңірдің полиция департаменті мәлімдеді.

"Ақтөбе облысында жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында қойма аумағынан екі жүк цистернасы мен 1033 баллон азот тотығы (оксиді) тәркіленді. Аталған заттар Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілген",- делінген ақпаратта.

Ведомство 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының (көпшілікке "көніл көтеретін газы" ретінде белгілі) заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулер күшіне енгенін еске салды.

"Полиция күшті әсер ететін заттарды заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттері шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық кезеңде қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді",- деп мәлімдеді ПД.

Бұған дейін Алматы маңында екі көлік соғылып, бір адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады