Президент UAE SWAT Challenge-2026 жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады

Фото: akorda.kz
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 12 ақпанында президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Сонымен қатар Kaz SWAT Team B сегізінші орынға, Kaz SWAT Team Tomiris он сегізінші орынға, ал Kaz SWAT Team D жиырмасыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Tomiris командасы әйелдер құрамалары арасында көш бастап, өзге елдердің кейбір ерлер командаларын да артта қалдырды.

Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.

Қазақстан
Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін