Мәлімдемеде Қорғаныс министрінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеріс жүргізіліп жатқаны айтылған.
Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, – деп жазылған хабарламада.