Маңғыстау облысында қатты жел сауда орталығының шатырын жұлып әкетті

Сурет: видеодан алынды
Маңғыстау облысында қатты жел сауда орталығының шатырын жұлып әкетті. Оқыс оқиға 2026 жылдың 16 ақпанында Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының хабарлауынша, оқиға орнында өңірдің арнайы қызметтері жұмыс істеуде. Аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, желдің жылдамдығы секундына 8-14 метрді құрайды, ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Бүлінген шатырдың ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрайды. Ғимараттың жалпы ауданы - 612 шаршы метр.

"Аталған төтенше оқиға салдарынан тұрақта тұрған екі көлік және бір көше жарықтандыру бағаны бүлінді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", делінген хабарламада.

Оқиға орнына ТЖД күштері аттанды: жеке құрамның бес адамы және екі бірлік техникасы.

Осыған ұқсас оқиға ақпан айының басында Қонаев қаласында болған

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау