Солтүстікте қыс қайта оралады, оңтүстікте көктемгі күн райы сақталады

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 18–20 ақпан аралығында еліміздің үш ірі қаласына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Астанада қар жауып, ауа температурасы -23°С-қа дейін төмендейді.

Ал Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауып, күн жылып, ауа температурасы +24°С-қа дейін көтеріледі.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

18 ақпан:

Ауа райы құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз де жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз 0…+2°С.

19 ақпан:

Құбылмалы бұлтты. Кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -11…-13°С.

20 ақпан:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -21…-23°С, күндіз -12…-14°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

18 ақпан:

Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде әлсіз тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +14…+16°С.

19 ақпан:

Құбылмалы бұлтты, кешке жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +15…+17°С.

20 ақпан:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +12…+14°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

18 ақпан:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С.

19 ақпан:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 8–13 метр. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +22…+24°С.

20 ақпан:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +21…+23°С.

Бұған дейін Қазақстанда ауа райы күрт құбылатыны хабарланған еді: солтүстікте ауа температурасы -23°С-қа дейін төмендесе, оңтүстікте +20°С-қа дейін жылынады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін