17 ақпандағы саудада доллар 490 теңгеден төмен түсті

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 17 ақпанда сағат 15:30-та шетел валютасы бойынша күнделікті сауда қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа салмақты бағамы 489,99 теңге болды, бұл бұрынғыдан 1,91 теңгеге төмен.

Ресей рублі бағамы 6,39 теңге (-0,02) деңгейіне төмендеді.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау пунктеріндегі бағамдар:

Мұнай бағасы:

17 ақпанда әлемдік нарықта мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.

Brent маркалы мұнайдың сәуірлік фьючерсі 68,01 АҚШ доллары/баррель деңгейіне түсті, бұл бір күндік көрсеткіштен шамамен 1% төмендеу.

Ал WTI маркалы мұнайдың сәуірлік жеткізілуі керісінше 0,4% өсіп, 62,97 АҚШ доллары/баррель болды.

Таңертең Ұлттық банк бекіткен ресми бағам: доллар – 491,97 теңге, евро – 583,77 теңге, рубль – 6,39 теңге.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі