Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 18 ақпанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің аса жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына құт-береке тіледі.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды