Бірінші топта өнер көрсеткен Деннис 40.562 секунд нәтижемен мәреге үшінші болып келді. Соған қарамастан, уақыт көрсеткіші бойынша жартылай финалға өтуге мүмкіндік алды.
Ал Абзал Әжғалиев төртінші топта жарыс жолына шығып, соңғы айналымда қарсыластарына есе жіберді. Ол 41.594 секунд уақыт көрсетіп, келесі кезеңге өте алмады.
Айта кетейік, жартылай финалға өз жарысында 1-2-орын алған спортшылар, сондай-ақ үшінші орын иеленгендердің арасынан уақыт көрсеткіші ең жоғары болған тағы екі атлет өтті.