СҚО тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2 млн теңге қаражатынан айырылып қалды

Фото: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында интернет-алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, жаңа айла-тәсілдерге жүгінуді жалғастыруда.

Петропавл қаласының 59 жастағы тұрғынына бұрынғы жұмыс орнынан хабарласқандай болып, өзін кадр бөлімінің заңгері ретінде таныстырған белгісіз тұлға қоңырау шалған.

Ол әйелдің жеке ісін алып кеткенін айтып, мән-жайды анықтау үшін басқа "заңгердің" байланыс нөмірін жолдаған.

Кейін өзін құқық қорғау органының қызметкері және банк менеджері ретінде таныстырған адамдар хабарласып, жәбірленушіні интернет-алаяқтық тәуекелі жоғары топқа кіргеніне сендірген. Әңгіме барысында қауіп деңгейі үнемі күшейтіліп отырған.

Нәтижесінде белгісіз тұлғалар оның банк аккаунтын бұзуға әрекет жасалып жатқанын айтып, қаражатты сақтау мақсатында ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажеттігін жеткізген. Әйел алаяқтардың нұсқауын орындап, 2 млн теңгеден астам жинағын аударып жіберген.

Абырой болғанда қылмыскерлер жиі қолданатын несие рәсімдеу фактісі орын алмаған. Жәбірленуші уақытылы алданғанын түсінген.

Полиция қызметкерлері ескертеді:

Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың 33 дерегі тіркелген. Жәбірленушілер қатарында зейнеткерлер, мұғалімдер, жұмыссыз азаматтар, жұмысшылар, медицина қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер бар. Олардың көпшілігі интернет-алаяқтық қаупі туралы хабардар болғанымен, алаяқтардың арбауына түсіп қалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды