Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 27 ақпан 2026 жылы, Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті қарсы алу салтанатты рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz, ҚР Президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сербия президентін резиденцияда Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Сурет: akorda.kz

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Сурет: akorda.kz

Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.

Сурет: akorda.kz

Сербия Президенті Александр Вучич 2026 жылғы 26 ақпанда Астанаға ресми сапармен келді. Жоғары қонақты әуежайда Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды