Астанада полиция заңсыз ет өнімдерінің айналымын тоқтатты

Фото: Zakon.kz
Елордада шығу тегі мен сапасы белгісіз ет өнімдерін заңсыз өткізу фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

"Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері сауда орындарына жеткізілетін еттің заңды шығу тегін анықтау және оның ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында рейдтік және тексеру шараларын жүргізуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығын қорғау және қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өткізілген іс-шаралар барысында антисанитариялық жағдайда мал сойылып, ветеринариялық бақылаусыз және тиісті ілеспе құжаттарсыз ет өнімдері сатылымға шығарылған бірнеше жасырын цех анықталды.

Заңсыз айналымнан барлығы шамамен 3 мың тонна ет өнімі тәркіленіп, "Астана-Ветсервис" ШЖҚ МКК мамандарымен бірлесіп белгіленген тәртіппен жойылды. Сонымен қатар жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы шаруашылық құрылыстарында заңсыз жасырын цех анықталды.

Онда ешқандай рұқсат құжаттарынсыз және міндетті ветеринариялық бақылаудан өтпеген ет өнімдерін өңдеу, сақтау және сату жұмыстары жүргізілген. Тексеру барысында ет өңдеуге арналған жабдықтар, сондай-ақ ветеринариялық құжаттары жоқ ірі және ұсақ мүйізді малдың 60 басы, малдың тұтас еті, тұяқтары және басқа да ет қалдықтары табылды.

Аталған фактілер бойынша тексеру шаралары жүргізілуде. Қатысы бар тұлғалар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Полиция азаматтарға ет өнімдерін сатып алу кезінде оның заңды шығу тегін растайтын ілеспе құжаттарға, ветеринариялық анықтамалар мен таңбалауға міндетті түрде назар аударуды ескертеді. Рұқсат құжаттарынсыз өнімді өткізу заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады