Ауыл шаруашылығы министрлігінде қазақстандықтардың етпен қамтамасыз етілу деңгейі түсіндірілді

Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 2026 жылғы 5 наурызда ОКҚ-де өткен брифингте елде еттің неге арзандамай отырғанын және мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының нәтижесін қазақстандықтар неге сезінбей отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы ет өнімдерімен толық қамтамасыз етілген.

"Біз етпен қамтамасыз етілмегенбіз деген пікір дұрыс емес. Мысалы, сиыр еті бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізіміне төс және жауырын бөліктері енгізілген. Қазір бұл тізім кеңейтіліп, оған еттің жұмсақ бөлігі мен фарш та қосылып жатыр. Жалпы қызыл еттің барлық түрі бойынша біз толық қамтамасыз етілгенбіз. Нақты сандарға тоқталсақ, өндіріс көлемі шамамен 430 мың тоннаны құрайды, ал қажеттілік – 400 мың тоннадай. Яғни, ішкі сұранысты толық қамтамасыз етумен қатар, шамамен 30 мың тонна көлемінде экспорттық әлеуетіміз де бар", – деді Тасжүреков.

Оның сөзінше, бұл бағытта арнайы кешенді жоспар әзірленіп, жүзеге асырылмақ.

"Бұл жоспар қабылданды. Алдағы үш жылда ол мал шаруашылығы саласының дамуына елеулі серпін береді. Яғни, мал басын көбейту және дайын өнім көлемін арттыру көзделген. Ал тұтынушылар бұл әсерді неге сезінбей отыр дегенге келсек, өздеріңіз білесіздер, біздің ет өнімдерімізге көрші елдерде, әсіресе Өзбекстанда сұраныс жоғары. Бұл – біздің бәсекелік артықшылығымыз. Сонымен қатар ол жақтағы баға ішкі нарықтағы бағадан жоғары. Сондықтан мал өсірушілер өнімдерін сыртқы нарыққа көбірек шығаруға ұмтылады. Дегенмен біздің басты міндетіміз – ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз ету", – деп қосты вице-министр.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейден мал мен ет әкелуге қойылған шектеудің себебін түсіндірген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті