"Жұмысқа орналасуға көмектесемін": Абай облысында алаяқтық фактісі ашылды

Фото: freepik
Аягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны танысына сеніп, жарты млн теңгеге жуық қарызға батты.

Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналасуға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефонын пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген.

Келтірілген шығын көлемі шамамен – 500 мың теңге. Жәбірленуші атына несие рәсімделгенін кейінірек білген. Полицияға жүгінгеннен кейін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталды.

Оның әрекеті алаяқтық бабы бойынша сараланды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме таңдалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі