Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы қаза тапты

Фото: Министерство обороны РК
2026 жылғы 16 наурызда әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің техникалық аумағында атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға салдарынан қарауыл бастығы қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 15 наурызда болған. Қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері – атқыш карабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығын жаралаған. Ауыр жараланған ол әскери госпитальға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

""Жамбыл облысында әскерилендірілген күзет қызметінің азаматтық қызметкерінің қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралар жүргізілгеннен кейін анықталады", – деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті.

Айта кетейік, бұған дейін 12 наурызда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс кезінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші жарақат алып, кейін көз жұмғаны хабарланған болатын.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі