"Мәселені шешіп беремін": елордада кәсіпкерлерді алдаған күдікті анықталды

Фото: Zakon.kz
Астанада полиция қызметкерлері танымал брендтердің тауарларын сатуға байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен. Ол жалған сенімхаттар дайындап, өзін Қазақстан аумағындағы түрлі брендтердің ресми өкілі ретінде таныстырған.

Осы сылтаумен кәсіпкерлерге жүгініп, олардың қызметінде заң бұзушылықтар анықталғанын айтып отырған.

Алдау және қысым көрсету арқылы ол сатушылардан "мәселені реттеп беруге" және өнімді сатуға байланысты туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алуға уәде беріп, ақша талап еткен.

Эпизодтардың бірінде келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асқан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осындай алаяқтықтың төрт дерегін тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция кәсіпкерлерге өздерін брендтердің немесе компаниялардың ресми өкілі ретінде таныстыратын тұлғалардың өкілеттігін мұқият тексеруді, ал күмәнді талаптар туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді