Астанада 83 жастағы әжей алаяққа алданып қала жаздады

Фото: Zakon.kz
Қарт әйел әлеуметтік желіден табысы жоғары деген жалған жарнаманы көрген.

Алаяқтар "табыс табу" үшін халықаралық ақша аударымы арқылы қаражат жіберу және "жұмысқа орналастыру" үшін төлем жасау керегін айтқан.

Ақпаратқа сенген зейнеткер 1300 еуроны аудару үшін банк бөлімшеге барған. Дегенмен бөлімше қызметкерлері күдіктеніп, бірден полицияға хабар берген.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, әйелді ақша аудармауға көндірді. Қарт әйел алаяқтардың құрбаны болудан аман қалды.

Сонымен қатар полицейлер зейнеткердің туыстарын хабардар етті.

Бұған дейін полиция халықаралық ақша аударымдары жүргізілетін бөлімшелерде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, әсіресе қарт адамдарға назар аударуды ескерткен.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған