Депутат мемлекеттік қызметшілерге жұма күні демалыс беруді ұсынды

Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 2026 жылғы 18 наурызда өткен пленарлық отырыста қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң жобасын талқылау барысында мәжілісмен ерекше ұсыныс білдірді.

"Президент кітап оқу керектігін айтқан болатын. Менің жеке ұсынысым – егер бұл заң аясында болмаса, болашақта әр жұманы шығармашылық және ағартушылық күні ету. Сол күні ешқандай құжат, ешқандай тапсырма берілмесін. Мемлекеттік қызметшілерді толықтай жұмыстан босатып, кітапханаға барып, кітап оқып, білімін арттыруына мүмкіндік беру қажет", – деді депутат.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі