10 көлік, үш жер учаскесі және пәтер тәркіленді: Көкшетауда құрылыс кезінде 160 млн теңге ұрланды

Фото: Zakon.kz
Көкшетау қаласында инженерлік желілер мен абаттандыру нысандарын салуға бөлінген 160 млн теңге ұрланған.

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласында инженерлік желілер мен абаттандыру нысандарын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

2020 жылы "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" ММ мен мердігер ұйымдар – "TAU PROJEKT" ЖШС және "СЭМ-СтройЭнергоМонтаж" ЖШС арасында бекітілген жобалық-сметалық құжаттама аясында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау және техникалық қадағалау жөнінде келісімшарттар жасалған.

Алайда мердігер компаниялардың бенефициары орындалған жұмыс көлемін әдейі арттыру схемасын ұйымдастырған.

Қабылдау актілеріне іс жүзінде орындалмаған немесе толық орындалмаған жұмыстар туралы жалған мәліметтер енгізілген.

Соның салдарынан құжат жүзінде расталғанымен, су бұру жүйесінің негізін дайындау, арық блоктарын орнату, кәріз-сорғы станциясын жеткізу және монтаждау жұмыстары нақты орындалмаған.

Өз кезегінде Құрылыс бөлімінің басшысы нақты орындалған жұмыс көлемі жобалық шешімдерге сәйкес келмейтінін біле тұра, жалған актілерге қол қоюды қамтамасыз етіп, қаржыландыруды тоқтату және шарттарды бұзу шараларын қабылдамаған.

Қол қойылған құжаттар негізінде мердігер ұйымдарға бюджет қаражаты аударылып, кейін оларды заңдастыру мақсатында қаражат "MAZHERUS" ЖШС және "Tamila Invest" ЖШС арқылы қайта бөлінген.

Мемлекетке келтірілген залал 160 млн теңгеден асты.

Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 10 автокөлікке, 3 жер учаскесіне және бір пәтерге тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты қамауға алу және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Алматы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды