Астана ауруханасында көз жұмған жасөспірімнің ісі сотта қаралып жатыр

Фото: Zakon.kz
Астана ауруханасында көз жұмған жасөспірімнің ісі сотта қаралып жатыр. Қайғылы оқиға 2024 жылдың шілде айында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv дерегіне сүйенсек, екі жыл бұрын Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасында хирургтар 13 жастағы жасөспірімнің мұрнындағы ісікті алу үшін операция жасаған. Алайда Семейден ем іздеп келген Әділхан ота үстінде көз жұмған. Алғашында дәрігерлер оның өлімін анестезияға кері әсермен байланыстырып, "қатерлі гипертермия" деген диагноз қойған. Сондай-ақ бұл дерттің 15–20 мың адамның бірінде ғана кездесетін сирек жағдай екенін түсіндірген. Дегенмен баланың ата-анасы бұл қорытындымен келіспей, медициналық сараптама жасатқан. Олардың айтуынша, нәтиже дәрігерлер қойған диагнозбен мүлдем сәйкес келмепті. Қорытындыға сәйкес, жасөспірім көп мөлшерде қан жоғалтып, соның салдарынан тұншығып, яғни механикалық асфиксиядан қайтыс болғаны көрсетілген.

"Жолдасым екеуміз ғана қалдық, жалғыз баламыз еді, айырылып қалдық. Баламыз қайта тірілмейді, бірақ басқа баланың басында қайталанбасын, мен содан қорқамын. Сондықтан әділ шешім шығады деп ойлаймын", – деді марқұмның анасы Әлия Әбілдинова.

Ал айыпталушы тарап өкілдері сот отырысында сараптама нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты адвокат Ерлан Ғазымжанов сараптама жүргізген маманды қайта шақырып, сұрақ-жауап алуды сұраған. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Мемлекеттік айыптаушы да сараптама жасаған маманды қайта шақырудың қажеті жоқ екенін атап өтіп, айыпталушы тараптың кінәсі толық дәлелденді деп пікір білді.

"Сотта зерттелген барлық дәлелдерге сүйене отырып, айыпталушы Темірғалиевтің Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденді деп айтуға болады", – деді мемлекеттік айыптаушы Азат Барболов.

Бұған дейін Павлодарда науқастардың шақыруына барған фельдшер оларды алдап, ақша жымқырып келгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі