Тиісті ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Бауыржан Артықов 1973 жылғы 4 тамызда Шымкент облысы, Сайрам ауданы Самсоновка ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы №24 орта мектепті тәмамдаған.
Білімі:
1993 жылы ҚР Қарулы Күштерінің кіші офицерлер курстары (мотоатқыш әскерлерінің офицері);
1994 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі;
2006 жылы "Қайнар" университеті (педагогика және психология);
2008 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (әскери және әкімшілік басқару);
2019 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (әскери іс саласындағы стратегиялық менеджмент).
1991–1993 жылдары мерзімді әскери қызметін өткерген.
Қызмет жолында взвод командирінен бастап Әуе-десант әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығына дейінгі лауазымдарды атқарған.
2023 жылғы ақпаннан 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы болды.
2024 жылғы 5 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен Батыс өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалған.