Ұлттық банкте ең тартымды валюта аталды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 сәуірде Мәжіліс кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазақстандық теңге өзінің тұрақтылығын дәлелдеді.

"Бұған дейін кейбір сарапшылар доллар бағамы мың, тіпті екі мың теңгеге жетеді деп айтқан еді. Біз ондайға ешқандай – ни фундаменталды, ни нарықтық негіз жоқ екенін айтқанбыз. Қазір тәжірибенің өзі көрсетіп отыр: теңге – тұрақты валюта. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол жоғары табыстылық көрсетті және қазіргі таңда ең тартымды валюталардың бірі", – деді Сүлейменов.

Оның сөзінше, Қазақстандағы тәуекел мен табыстылық арақатынасы әлемдегі ең тиімді көрсеткіштердің бірі болып отыр.

"Бұл инвестиция тартуға ықпал етеді және сәйкесінше теңгенің нығаюына әсер етеді", – деп қосты Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов доллар бағамының төмендеу себебін атаған болатын.

Қазақстан
Сүлейменов Тимур

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін