Блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды

Сурет: Instagram/adiletkhan
Алматыда бұған дейін ұсталған танымал қазақстандық блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 1 сәуірде Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Сот бұрын тонау дерегі бойынша сотталған күдіктіге қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", – делінген хабарламада.

Әділетхан Молдахан – әлеуметтік желілерде белсенді блогер. Оның Instagram парақшасына 1 миллионнан астам адам жазылған. Ол құқықтық тақырыптағы жария қызметі арқылы танымал болған. Профиль сипаттамасына сәйкес, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес береді.

2026 жылғы 31 наурызда Алматыда Әділетхан Молдаханның ұсталғаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, оған қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін