Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Кәрібаевты "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы етіп тағайындады

Фото: Zakon.kz
Нұрлан Кәрібаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжат бүгін, 2026 жылғы 15 сәуірде жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікбайұлы Кәрібаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Нұрлан Кәрібаев 1978 жылы 13 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын "мотоатқыштар әскерлерін басқару тактикасы" мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетін "әскери және әкімшілік басқару" бағыты бойынша, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мотоатқыш взводының командирінен бастап, әртүрлі гарнизондардағы әскери бөлімдердің командиріне дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Жаңа лауазымға дейін ол "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — штаб бастығы қызметін атқарды.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Еске сала кетейік, 30 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Артықовты "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатқан болатын.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді