Алматыда дрифт жасаған жүргізуші көлігінен айырылып, қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 24 сәуірде қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Анықталғандай, ол қала көшелерінің бірінде дрифт жасап, өз әрекетін әлеуметтік желілерде жариялау мақсатында қауіпті маневрлер орындаған. Бұл әрекет жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін жағдай туғызған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде құқық бұзушылық дер кезінде тоқтатылды. Жүргізушінің автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылып, өзі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды".

Алматы қаласы ПД Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбековтің айтуынша, әлеуметтік желілерде жариялау үшін жасалатын қауіпті жүргізу әрекеттері көбейіп келеді

"Мұндай көрсетілім үшін жасалатын әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады", – деді ол.

Бұған дейін еліміздің шығысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Пышақ ала жүгірген сталкер сот залынан босатылды - сот неліктен мұндай шешімге келді