Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті есі дұрыс деп танылды

Фото: Zakon.kz
Шымкентте студент Нұрай Серікбайдың қаза болуына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті сот-психиатриялық сараптама қорытындысы негізінде есі дұрыс деп танылды. Бұл туралы 2026 жылғы 30 сәуірде Сенат кулуарында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары аяқталуға жақын.

"Тергеушінің қаулысымен сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Қорытындысы алынды. Күдікті есі дұрыс тұлға ретінде заң алдында жауап береді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, іс аяқталу сатысында", – деді ол.

Еске салайық, 21 жастағы Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда танысының пышақ жарақатынан көз жұмған. Оқиғадан кейін күдікті қашып кеткенімен, 13 қаңтарда Шымкенттен шамамен 10 шақырым жерден ұсталғаны хабарланған. Кейін марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын жария еткен.

Қазақстан
Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған