Алматыда заңсыз сыра өндіретін жасырын цех жойылды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері "Алко-Стоп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру дерегін анықтады.

Тексеру нәтижесінде жертөле ғимаратында орналасқан сыра өндіретін жасырын цех әшкереленді. Оқиға орнынан арнайы өндірістік жабдықтар, дайын өнімнің ірі көлемі, сондай-ақ өндіріс процесінде пайдаланылатын ыдыстар мен шикізат табылып, тәркіленді.

Заңсыз айналымнан жалпы көлемі шамамен 7 мың литр сыра, құюға арналған кегтер, шыны ыдыстар және алкоголь өнімдерін дайындауға қажетті шикізат алынды.

Аталған дерек бойынша барлық мән-жайларды толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тексеру амалдары басталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

"Алко-Стоп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру дерегі анықталды. Жасырын цех әшкереленіп, жабдықтар мен дайын өнімнің ірі партиясы тәркіленді. Мұндай құқық бұзушылықтар ерекше бақылауда. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Полиция азаматтарға алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді, — деді ол.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды