БҚО-да ағайынды екі жігіт фитозертхана ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Фото: pexels
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын фитозертхананың қызметін әшкереледі.

Ақпан айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласында қарасора тұқымдас өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен туған екі ағайынды ұсталды. Олардың бірінің жеке үйінен желдету жүйесі мен жарықдиодты шамдармен жабдықталған, қарасора өсіруге арналған жасырын жертөле анықталды.

Оқиға орнынан 7 түп өсімдік, буып-түйілген өсімдік тектес зат, өсіруге арналған құрал-жабдықтар және 14 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді.

Екінші күдіктінің пәтерінен арнайы жабдықталған екі жылыжай-шатыр табылды. Онда 22 түп қарасора, пакеттер мен ыдыстарға салынған өсімдік тектес заттар, сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтар тәркіленді.

Сонымен қатар ата-анасының пәтерінің балконының астынан өсімдік тектес зат салынған 560 сіріңке қорабы бар қап табылды.

Алдын ала бағалау бойынша олардың құны шамамен 13 миллион теңгені құрайды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 18-20 келіні құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды