Президент Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери транзит туралы заңға қол қойды

Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери транзит туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 8 мамырда хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы заңға қол қойғанын хабарлағанбыз.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін