Оралда жас полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Оралда 25 жастағы полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол бойжеткенді зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымы әлеуметтік желілерде Абай полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қызды зорлады деген ақпарат тарағанын жазды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға көршілердің пәтердегі шуға байланысты шағымынан кейін болған. Полиция қызметкері аталған мекенжайға тексеріс жүргізу үшін барған. Күдік бойынша, қылмыс сол пәтерде жасалған.

Қылмыстық істің қозғалғанын қала прокуратурасының баспасөз қызметі растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды", – деп мәлімдеді қадағалау органы.

Полиция департаменті өз қатарындағы заң мен тәртіпті бұзуға жол берілмейтінін атап өтті. Ведомство мұндай заңсыз әрекеттерге қатаң шара қолданылатынын жеткізді.

Бұған дейін жазғанымыздай, Ақтауда сарбаз қазасынан кейін әскери бөлім командирі сотқа жіберілді, бірқатар офицер қызметінен босатылды.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін