Қызғаныш қайғылы жағдайға ұласты: павлодарлық ер адам бірге тұратын әйелін ауыр жарақаттады

Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласында қызғаныш салдарынан ер адам бірге тұратын әйелге ауыр дене жарақатын келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасында ұзақ уақыт бойы қызғанышқа байланысты жанжалдар болып келген. 2025 жылғы қаңтарда кезекті жанжал қайғылы жағдайға ұласқан: ер адам көлік жүргізіп келе жатып, әйелді қағып кетіп, оны дүңгіршек қабырғасына қысып тастаған.

Салдарынан әйел ауыр дене жарақатын алып, өміріне қауіп төнген. Оған көптеген сынық диагнозы қойылып, бір аяғы кесілген.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті дәлелдер жиналды. Куәгерлерден жауап алынып, сот-медициналық сараптамалар жүргізілді, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді.


"Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ, ол газ педалін байқаусызда басып қалдым деп түсіндірді. Алайда жиналған дәлелдер оның әрекетінің қасақана жасалғанын көрсетті. Сарапшылар көліктің техникалық жағдайы толық жарамды екенін анықтады", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот жәбірленушіге материалдық шығын мен моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, Семей қаласында да осындай оқиға тіркеліп, онда жәбірленуші қаза тапқан. Бұл іс бойынша айыпталушы 9,5 жылға сотталған.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Автокөлік жеткілікті – Қазақстан автобизнес қауымдастығы автонесие туралы

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады