Ұлытау облысында полиция далада адасып кеткен ауыл тұрғынын іздеп тапты

Фото: polisia.kz
Ұлытау облысында полицейлер хабар-ошарсыз кеткен азаматты дронның көмегімен тауып, аман-есен отбасына қайтарды.

Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғыны жылқы іздеуге шығып, бағытынан жаңылып кеткен. Оның туыстары аудандық полиция бөліміне хабарласып, көмек сұраған.

Хабарлама түсе салысымен Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын бастады. Іздеу аумағының кеңдігін ескере отырып, тәртіп сақшылары арнайы ұшқышсыз ұшу аппаратын — дронды пайдаланды.

Заманауи техниканың көмегімен ашық дала жоғарыдан мұқият тексеріліп, кеше таңғы сағат 10:00 шамасында жоғалған азамат Нұра ауданымен шектесетін аумақтан аман-есен табылды. Іздестіру жұмыстарына жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де жұмылдырылды. Анықталғандай, азамат кешкі уақытта бағытынан адасып кеткен.

Сонымен қатар ұялы байланыс желісінің болмауы және көлігінің жанар-жағармайы таусылуы салдарынан түнді далада өткізуіне тура келген.

Полиция азаматтарға алыс жолға шыққанда немесе мал іздеуге барғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:

• Көліктің техникалық жағдайын және жанармай қорын алдын ала тексеріңіз;

• Байланыс құралдарының (телефон, пауэрбанк) толық зарядталғанына көз жеткізіңіз;

• Қозғалыс бағытыңызды міндетті түрде жақындарыңызға хабарлаңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін