Құқық қорғау органдарының ресми мәліметінше, көлік тізгінінде облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны болған. Ол көлікті басқара алмай, рөлде ұйықтап кеткені анықталған. Бұл туралы Almaty.TV мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні дереу медициналық сараптамаға жіберген, оның ағзасында тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілген.
"Медициналық тексеру нәтижесі бойынша жүргізуші мас болмаған. Электр желілеріне келтірілген материалдық шығынды өтеу мәселесі заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық тәртіпте қаралады. Жүргізушіге 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", – деді Солтүстік Қазақстан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Азамат Жұмбақов.
Бұған дейін Көкпекті станциясында "Эндуро" мотоциклін тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім сегіз жасар қызды қағып кеткенін, бүлдіршін оқиға орнында қаза тапқанын жазғанбыз.