Павлодар облысында заңсыз балық аулау фактісі тіркелді

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында "Уылдырық шашу" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу дерегі тіркелді.

Ақтоғай ауданында тыйым салынған уақытта заңсыз балық аулаған азамат ұсталды. Рейдтік іс-шара кезінде таңғы сағат 04:50 шамасында Жаңатап ауылы маңындағы Ертіс өзенінің жайылмасында полиция қызметкерлері резеңке қайықты байқаған.

Тексеру барысында 40 жастағы жергілікті тұрғынның тыйым салынған кезеңде балық аулауға шыққаны анықталды. Сонымен қатар оның Қытай өндірісіндегі тыйым салынған ау құралын пайдаланғаны белгілі болды. Ұсталған сәтте азамат заңсыз түрде табан және буффало балықтарын аулап үлгерген. Оқиға орнынан резеңке қайық, ау құралдары және ауланған балықтар тәркіленді. Тәркіленген балықтар сараптамаға жіберілді.

"Ауыл тұрғынына қатысты балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", — деп хабарлады Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімшілік полициясының бастығы Қуаныш Омаров.

Полиция қызметкерлері уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға қатысты қатаң шектеулер қолданылатынын еске салады. Заң талаптарын бұзған азаматтарға ірі көлемде айыппұл салынып, жүзу құралдары мен ау құралдары тәркіленуі, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ертіс өңірінің полицейлері су айдындарындағы рейдтік іс-шаралар тәулік бойы жалғасатынын атап өтіп, тұрғындарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға, туған өлкенің флорасы мен фаунасына жанашырлықпен қарауға шақырды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды