Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалды

Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Ержан Ерғанатұлы Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 28 мамырда Бас прокуратура мәлімдеді.

Ержан Дүйсекенов еңбек жолын Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Әр жылдары ол Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және "Прокуратураның құрметті қызметкері" атағымен марапатталған.

Айта кетейік, 2026 жылғы 21 мамырда Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жаңа орынбасары болып Әділ Құсманов тағайындалған болатын.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды