СІМ шенген визасына қатысты қазақстандықтардың шағымдарына жауап берді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев шенген визасын рәсімдеу мерзімдерінің ұзарып кетуі мен визадан бас тарту жағдайларының көбеюіне қатысты пікір білдірді.

15 маусым күні өткен брифинг барысында журналистер Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы виза режимін жеңілдету жөніндегі келіссөздердің барысы туралы сұрады. Сонымен қатар қазақстандықтардың шенген визасын алу кезінде өтініштердің ұзақ қаралатынына, бас тарту жағдайларының жиілегеніне және теріс шешім қабылданған кезде визалық алымның қайтарылмайтынына қатысты шағымдары көтерілді.

Ерлан Жетібаевтың айтуынша, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында визалық талаптарды жеңілдету және реадмиссия мәселелері бойынша келіссөздер жалғасып жатыр.

"Өткен аптада министрлік бұл туралы ресми ақпарат жариялады. Брюссельде келіссөздердің үшінші кезеңі өтті. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыс жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Жақын уақытта осы мәселе бойынша толығырақ ақпарат береміз деп ойлаймын", – деді ол.

СІМ өкілі жазғы туристік маусымның басталуына байланысты шетелдік елшіліктердің консулдық бөлімдеріне түсетін жүктеме айтарлықтай артқанын атап өтті.

"Біз бұл жағдайды бақылап отырмыз және қажетті ақпаратты әріптестерімізге жеткізудеміз. Алайда виза беру – әр мемлекеттің егемен құқығы. Сондықтан барлық өтініштер сол елдердің ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады. Азаматтарға құжаттарын алдын ала тапсырып, олардың виза талаптарына толық сәйкес болуын қадағалауға кеңес береміз", – деді Ерлан Жетібаев.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта қазақстандықтарға қай елдердің визасын алу қиындағаны немесе қай мемлекеттер жиі бас тартатыны жөнінде нақты статистика жоқ екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Шенген аймағы елдерінде шетел азаматтарын міндетті биометриялық тіркеуді көздейтін жаңа кіру-шығу жүйесі енгізілетінін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста