ДНҚ қылмыскерлерді әшкереледі: екі облыста кісі өлтіру деректері ашылды

Фото: pixabay
Жыл басынан бері ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстық істер зерделенді. Олардың көбі 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында тіркелген.

Бүгінде мұндай қылмыстар заманауи технологиялардың көмегімен ашылуда. Министрлік базасында молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істейді.

Әр сала бойынша цирфлық шешімдер қарқынды дамып келеді. Жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде биыл бұрын жасалған ондаған ауыр және аса ауыр қылмыс ашылды.

Жинақталған айғақтар негізінде күдіктілер өз кінәларын мойындап жатыр. Мысалы, Павлодар және Қарағанды облыстарында өткен жылдардағы қылмыс санатынан адам өлтіру деректері ашылды.

"ДНҚ-сараптамасы негізгі рөл атқарды. Қазір қылмыскерлер сот шешімін күтіп отыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу ерекше бақылауда", – деді ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев.

Әрбір ашылған қылмыс – әділдіктің айғағы, жазаның бұлтартпастығы қағидатының айқын орындалуы. Уақыт қылмыскерлерге қорған емес. Заңды өрескел бұзған әрбір адам ерте ме, кеш пе анықталып, жауапқа тартылады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды

Елімізде көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам фактісі әшкереленді