Республикалық рейд: жалған нөмірлі 500-ден астам көлік анықталды

Фото: Zakon.kz
10–14 маусым аралығында ішкі істер органдары еліміз бойынша жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын көлік құралдарын анықтау және жолын кесу мақсатында республикалық рейдтік іс-шаралар өткізді.

ІІМ мәліметінше, тексеру барысында 22 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі тіркеліп, олардың бір бөлігі жедел түрде тоқтатылған.

"Нәтижесінде 22 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолы кесілді, оның ішінде 500 көлік құралында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі орнатылған", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар рейд кезінде мемлекеттік нөмірсіз жүрген 1,5 мыңнан астам автокөлік анықталды. Шамамен 2,5 мың көлік арнайы тұрақтарға қойылған.

Мамандардың айтуынша, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану көбіне жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасалатын қасақана құқық бұзушылық болып табылады.

Ішкі істер министрлігі бұл бағыттағы жұмыстар "Заң мен тәртіп" қағидатына сай жүйелі түрде жалғасатынын мәлімдеді.


"Әрбір құқық бұзушылыққа тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады. Мұндай тексерулер тұрақты түрде жалғасады", – деді ІІМ өкілі Арай Төлегенқызы.
Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды